Энергетикалық жабдықтың диагностикасы

МИК-1 қолданысы:

 

БР_

МИК-1 электр стансалары мен шағын стансаларындағы электр аппараттардың, таратқыш құрылғылардың, жиынтықты таратқыш құрылғылардың, кернеуі 110…220кВ айнымалы тоқ өткізгіштерінің (жұмыс кернеуін сөндіріп, сөндірмей де) тоқ жүретін бөліктерін оқшаулауға және бекітуге арналған фарфорлы тірек-өзекшелі оқшаулағыштардың, сондай-ақ резервтер оқшаулағыштарының күйін бақылауға арналған.

Бақыланатын параметрлер;

  • Оқшаулағыш дірілінің спектралды тығыздық қуатының (СТҚ) пішіні;
  • Жиіліктер осіндегі СТҚ бағалау максимумдарының орналасуы;
  • Механикалық бекемдік, атап айтқанда көтергіш қабілеттің, яғни оқшаулағыштың бұзылуы мүмкін күш мәнін сараптамалық есептеу.

Бірінші тексеру одан кейінгі өзгерістердің салыстыруы жүретін реперлік нүкте болып табылады.

Оқшаулағыштардың механикалық күйін бақылау дара компьютерде жүзеге асырылады. ДК-ға қойылатын талаптар айрықша шарттарды қажет етпейтін үлгілік талаптар болып табылады.