Қолжетімділі желілері

ETHERNET
PDH (плезиохронды сандық иерархия)
SDH (синхронды сандық иерархия)

Ethernet технологиясы өзінің қарқынды даму жолында локалды желілер деңгейінен әлдеқайда өсіп кеткен. Ол коллизияларды еңсеріп, толықтай дуплекс пен гигабиттік жылдамдыққа ие болды. Экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдердің кең ауқымы Ethernet-ті магистральдарға батыл енгізе беруге мүмкіндік береді.

Ethernet — компьютерлік желілердің пакеттік технологиясы. Ethernet стандарттары өткізгіштік байланыстар мен электр сигналдарын физикалық деңгейде, ал пакеттер форматы мен ортаға қолжетімділікті басқару хаттамаларын OSI үлгілі арналық деңгейде анықтайды. Ethernet негізінен 802.3. топты IEEE стандарттарымен сипатталады.

Барлық ресми қолданыстағы түрлер. Кейбір себептер бойынша, негізгі стандартқа қосымша көптеген өндірушілер басқа патенттелген тасығыштарды пайдалануға кеңес береді. Мысалы, желі нүктелері арасындағы арақашықтықты арттыру үшін оптоталшықты шоғырсым пайдаланылады. Ethernet-карталар мен басқа құрылғылардың көпшілігі екі құрылғы арасындағы жақсырақ байланысқа қол жеткізу үшін жылдамдық пен дуплекстікті автоанықтауды пайдалана отырып, мәліметтер берілісінің бірнеше жылдамдықтарын ұстайды. Егер автоанықтау жұмыс істемесе, жылдамдық серіктеске қарай икемделеді, және жартылай дуплексті беріліс режимі қосылады. Мысалы, құрылғыда Ethernet 10/100 портының болуы ол арқылы 10BASE-T және 100BASE-TX технологиялары бойынша жұмыс істеуге болатынын білдіреді, ал Ethernet 10/100/1000 порты 10BASE-T, 100BASE-TX, және 1000BASE-T стандарттарын қолдайды.

Sorry, this entry is only available in Русский and English.

Sorry, this entry is only available in Русский and English.