Көлік желілері

DWDM-IP-MPLS

DWDM спектральды тығыздау технологиясы мен IP/MPLS пакеттік коммутацияны пайдаланатын тиімділігі жоғары конвергентті желі

Жаңа буынның оптикалық магистралі негізінде жылдамдығы жоғары IP-қызметтерді енгізу. Бұл шешім «Digibased» компаниясына жаңа ресурсты талап ететін қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай қызметтер қатарына дауыс, бейне және мәліметтер берілісі біріктірілген жылдамдығы жоғары ғаламторға қолжетімділік, корпоративтік қолданушылар үшін виртуалды жеке желілер (VPN) құру, виртуалды конференциялар, сондай-ақ IPTV өткізу кіреді.

DWDM технологиясын IP/MPLS платформасына біріктіру құраушылар санын азайтып, қуат тұтынымын азайтуға мүмкіндік берді. Жүйеге салынған істен шығуға төзімділік деңгейі желінің жұмыс жасау қабілеттілігін тіпті байланыс арналарының көптеген істен шығулары жағдайында сақтап, кез келген магистральді арна істен шыққан жағдайда желінің штаттық сыйымдылығының толықтай қалпына келуін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жоба қабылданатын шешімдерінің күрделілігі мен жоғары технологиялылығы бойынша бірегей, бұл бірінші кезекте пайдаланудың қарапайымдылығын, жоғары  сенімділікті және желінің ауқымдылығын қамтамасыз етеді.

Желі қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, мультисервистік қызметтер ұсыну үшін көліктік ортаны толықтай қамсыздандырады.